Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін толық ауқымды экологиялық ревизия жүргізу керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Назарларыңызды аударғым келетін тағы бір мәселе – біздің қоғамдағы экологиялық мәдениет. Жыл бойы адамдардың қоршаған орта мен жан-жануарларға қатысты әртүрлі резонансты оқиғаларының, тіпті варварлық әрекеттерінің куәсі болдық. Әлемдік экологиялық антирейтингте Қазақстан өкінішке қарай көшбасшы позициясында тұр. Біздің елде экологиялық проблемадан ада бірде-бір өңір жоқ. Туындаған бұл жағдай бізді ең батыл әрекеттерге шақыратын өте күрделі жағдай деп есептеймін», – деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президент өз сөзінде қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін толық ауқымды экологиялық ревизия жүргізу керектігін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: