Kyzylorda-news.kz. Ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық. Бұл туралы республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық», – деді Мемлекет басшысы.

Президент төтенше жағдай режімінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болатынын еске салды.

«Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды», – деді Қ. Тоқаев.

Тағы да оқыңыз: