Kyzylorda-news.kz. 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейту тапсырылды. Бұл туралы республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгілінген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі», – деді Мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыз: