Бүгін – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні – Kyzylorda News
Басты бет

Бүгін – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

29.08.2021, 0:05

366 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter -дегі парақшасында хабарлады.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», – деп жазды Президент.

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы Президент Өкімі шықты.

«Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 29 тамызда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», – делінген құжатта.

0

Пікір қалдыру