Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сыр өңіріне арнайы келген «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының мүшесі Бауыржан Серікбаев праймериз үміткерлермен кездесіп олармен ашық жарқын пікірлесті.

Атап өту керек жақтастар лигасы маусым айында «Nur Otan» партиясы жариялаған партиялық праймеризді қатаң қоғамдық бақылау тетіктерін жасау негізінде құрылған болатын. Құрамы елімізге белгілі журналистер, саясаткерлер мен қоғам белсенділері сондай-ақ блогерлерден жасақталған.

Ашық кездесу өзінің діттеген межесіне жетті деп есептейміз. Себебі елдің ортақ мүдесі үшін бақ сынауға бел буған кандидаттар өз ойларын ашық айтып, праймериз жұмыстарында ескерілсе деген ұсыныс пікірлерін жеткізді.

Жалпы Сыр өңірінен 502 кандидат ретінде тіркелген. Олардың 32 пайызы әйел азаматтар, 28 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар.

Тағы да оқыңыз: