Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен​ кездесті.

Үкіметтік емес ұйымдардың​ қоғамда​ алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда Қызылорда облысының Полиция департаменті 10-ға жуық​ үкіметтік емес ұйымдармен​ тығыз жұмыс ​ жасауда. ​ ​

​Бүгінгі ұйымдастырылған​ ​ ​ ​ кездесуде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы» және Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі істер органдарының жетістіктері туралы мәселе қаралды .

​«Үкіметтік емес ұйымдар мемлекетіміздегі қарқынды дамушы институттардың бірі. Олармен өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру шеңберінде өткізілген бұл кездесудің маңызы зор. Кездесу барысында қаралған әрбір мәселе ​ жіті назарға алынып,​ бұл бағытта тиісті шаралар жүзеге асырылатын болады»​ – деді Сұлтан Бектөре. ​ ​

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ішкі істер органдары жүйесінде көптеген реформалар болды. Оң өзгерістердің нәтижесі ретінде полицияның сервистік​ модельге көшуін айтуымызға болады. ​ Әрбір тұрғынның пікірі ескеріле отырып,​ қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін​ бірлесіп шешуге бағытталған полиция қызметінің тиімділігі ​ артады.​ ​

Облыс​ полицейлерімен​ атқарылған жұмыстардың нәтижесінде​ жалпы қылмыс 15 пайызға, қоғамдық орында және көшеде жасалған қылмыс 15 пайызға төмендеді.

«2018-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту» жөніндегі Жол картасы негізінде штаттық бірліктер қысқартылып,​ ​ полициядан өзіне тән емес функциялар алып тасталды. Босатылған қаражат есебінен қызметкерлердің еңбекақысы көтеріліп, әлеуметтік-материалдық жағдайы жақсарды.​ ​ ​ ​

Бүгінгі кездесу барысында осы және басқа да қоғамдық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, ​ материалдық – техникалық базаның нығайтылуы сынды мәселелер қозғалды.

Осы кездесуде қатысушылар көтерілген мәселелер және алдағы уақыттағы жоспарлар бойынша ұсыныстарымен бөлісіп, пікірлер мұқият ​ талдаудан өткізілді.

Өз кезегінде, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының төрағасы Толоконников Владимир Петрович соңғы уақытта полиция қызметінде байқалатын оң өзгерістерді атап өтіп, ​ Департамент бастығына ​ өз алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыз: