Полицейдің сенімді серігі – Kyzylorda News
Басты бет

Полицейдің сенімді серігі

21.10.2021, 11:00

264 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының ауласында орталық қызметкерлерінің және қалалық, аудандық полиция бөліністерінің кинолог мамандарының өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен үйретілген салалары бойынша жұмысқа қабілеттіліктері тексерілді.

Тексеру қорытындысы бойынша қызметтік іздестіру иттері   нәтижелі көрсеткіштер көрсетті.  

Орталықтың кіші инспектор кинологі полиция аға сержанты Б.Жаңғабылға бекітілген лақап аты «Вулкан» және «Заря» қызметтік іздестіру иттері «иіс алу-одорология» саласы бойынша арнайы құтыларға салынған заттардың арасынан өзіне табуға ұсынылған иісті анықтап, нәтижелі көрсеткіш берді.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының полицей кинологі полиция аға сержанты Ә.Әбіловке бекітілген лақап аты «Верный» қызметтік іздестіру иті «оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды іздеу» саласы бойынша өзге заттардың ішінен жарылғыш затын тапты. Сонымен қатар, полицей кинолог полиция сержанты Б.Мадияровқа бекітілген лақап аты «Динго» қызметтік іздестіру иті «шабуылдау» саласы бойынша күдікті азаматты ұстап, жақсы нәтиже көрсетті.

Сырдария аудандық полиция бөлімінің кіші инспектор-кинологі полиция сержанты Н.Балтабай лақап аты «Застава» қызметтік іздестіру иті, сонымен қатар орталықтың кіші инспектор кинологі полиция аға сержанты А.Пазыловқа бекітілген лақап аты «Елай» қызметтік іздестіру иттері «есірткі затын іздеу» бағытында аулада тұрған «Камаз» автокөлігіне  жасырылған иммитаторды кедергісіз тапты.

«Ізге түсу» саласы бойынша үйретілген орталық қызметкерлеріне бекітілген «Вена», «Леон» қызметтік иттері, сонымен қатар Қазалы, Жалағаш және Жаңақорған аудандық полиция бөлімдеріне бекітілген  «Зевс», «Виви» және «Вилли» атты қызметтік иттері де тығылған қызметкерді иіс арқылы оңайлықпен тапты.        

Сынақ қорытындысы бойынша барлық кинолог мамандарға жұмыс барысында қызметтік іздестіру иттерінің жұмысқа қабілеттілігін жоғалтпау және арттыру мақсатында үнемі жұмыс барысында пайдаланып,  жаттығу жасау тапсырылды.

0

Пікір қалдыру