Kyzylorda-news.kz.  Осыған байланысты елорда аумағында 15 желтоқсан мен 12 қаңтары аралығында “Пиротехника-2021” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты халықпен пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және әкелу ережелері, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан алу туралы профилактикалық жұмыс жүргізу.

Елорда әкімдігі қала тұрғындарына пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері туралы еске салады:

  • пиротехниканы күмәнді сатушылардан сатып алмаңыз (көше сөрелерінен, өткелдерден);
  • балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз;
  • қаптамадағы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;
  • пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта болыңыз;
  • ешқандай жағдайда жабық үй-жайда пиротехниканы пайдаланбаңыз;
  • көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 м қашықтықта болуы тиіс;
  • білтені созылған қол қашықтығында тұтату керек;
  • жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады.

Тіпті таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.

Sputnik Қазақстан

Тағы да оқыңыз: