«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» кен орындарындағы электр станцияларының жұмысы тұрақты – Kyzylorda News
Басты бет

«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» кен орындарындағы электр станцияларының жұмысы тұрақты

27.02.2020, 18:20

878 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның кен орындарында 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңі апатсыз режимде өтуде.

2020 жылғы 27 ақпандағы шұғыл ақпаратқа сәйкес:

– «Құмкөл» кен орнының газтурбиналық электр станциясында №2,4,5 ГТУ газтурбиналық қондырғылары жұмыс істеуде, №1 ГТУ резервте, №3 ГТУ жоспарлы жөндеуде, электр энергиясының сағаттық орташа тәуліктік өндірілуі 43,0 МВт құрайды және «Құмкөл» кен орнында электр энергиясының қажеттілігін 73%-ға жабады;

– «Арысқұм» кен орнының газ-поршенді электр станциясында №1,2,3,4 ГПУ қуаттылығы әрқайсысы 3,0 МВт болатын барлық газ-поршенді қондырғылары жұмыс істеуде, электр энергиясын өндіру 6,3 МВт құрайды және «Арысқұм» кен орнында электр энергиясының қажеттілігін 100%-ға жабады; 

– «Майбұлақ» кен орнының газ-поршенді электр станциясында қуаты 1,0 МВт болатын №1 ГПУ газ-поршенді қондырғысы жұмыс істеуде, №2 ГТУ резервте, электр энергиясын өндіру 0,09 МВт құрайды, «Майбұлақ» кен орнындағы дизельді электр станцияларымен бірлесіп, электр энергиясын қажеттілікті 100%-ға  жабады;

– «Оңтүстік-Шығыс Қызылмия» кен орнының газ-поршенді электр станциясында №1,2,3,4  ГПУ газ-поршенді қондырғылары жұмысында электр энергиясын өндіру 0,74 МВт құрайды және кен орнындағы дизельді электр станцияларымен бірлесе отырып электр энергиясын қажеттілікті 100%-ға жабады.

Электр станциялары белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істеуде.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті