Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев Айдарлы ауылдық округіндегі ауыл жастарымен кездесті.

Кездесуге Сырдария аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, «Аманат» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Еркебұлан Жақып, Аманкелді ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Нұрғалиев, «Жалын» еріктілер штабының мүшелері және ауыл жастары қатысты.

Ең алдымен, аманкелділік «Жалын» еріктілер штабының үйлестірушісі Нұрман Абдрасилов елді мекендегі ерікті жастардың жұмыстары мен жетістіктерін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мұнан соң ҚР Мәжілісінің депутатымен кездескен ауыл жастары, өз кезегінде түрлі сұрақтарын, ұсыныс пікірлерін қойды.

Сауалдар негізінен кәсіпкерлік жобаларға қолдау көрсету, ауылдан би үйірмесін ашу, ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жабық спорт кешенін салу, елді мекеннен «Жастар аллеясын» салу, еріктілік жұмыстарды дамыту төңірегінде болды.

Кездесу барысында Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаты жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-тілектерді назарға алып, оңтайлы шешімін табуына жұмыстар жасалатынын жеткізіп, жастарға алдағы уақытта көш басында болуына сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: