Kyzylorda-news.kz. Жүк және жолаушыларға теміржол көлігімен көрсетілетін тасымалдау қызметінде жемқорлыққа әкелетін құқық бұзушылықтардың қаупін болдырмауда теміржолшылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оған құзырлы органдар мен партия өкілдері, бөлімшеге қарасты мекеме және бөлім басшылары қатысты. Сексеуіл –Түркістан аралығында тасымалдау жұмыстарына қатысы бар мамандар селекторлық мәжіліс арқылы қосылды.

Селекторды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» қосалқы бөлім басшысының бірінші орынбасары Ерлан Айдаров жүргізді. Жиынның маңыздылығына тоқтап, өзекті мәселені тұрақты назарда ұстайтынын жеткізді.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұрсұлтан Әбдуәлиев жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, оған қарсы іс-қимылдардың жаңа құралын енгізу туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында берген тапсырмасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамада енгізілген бірқатар өзгерістермен таныстырды. Теміржол саласында жемқорлық құбылыстың орын алып отырғанын айтып өтті. Одан бөлек Қызылорда ЖПБ бөлімінің полиция майоры Асыл Сапарбек жемқорлықтың салдарымен күресу және оның деңгейін төмендету бағытында жасалған қадамдарымен бөлісті.

Теміржол партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева жемқорлық салдарымен күреске тек адал еңбекпен тосқауыл қойылатынын, келеңсіз жағдайлар салада орын алмауда өзіндік пікірі мен ұсынысын білдірді.
Жемқорлықты жоюға бағытталған жиында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Жемқорлыққа жол бермеуде парасыз болашаққа бірге болуға шақырды.

Тағы да оқыңыз: