Пандемия кезінде тұрғындары байыған ел аталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Пандемия кезінде тұрғындары байыған ел аталды

26.12.2020, 13:00

518 0

Kyzylorda-news.kz. Коронавирустық пандемия басталғаннан бері Дания халқы одан сайын байи түсті. Осы жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес ел тұрғындарының жинақтары 5,66 трлн кронға (930 млрд доллар) жетті.

«Соңғы екі тоқсанда елдің қаржылық әл-ауқаты 709 млрд кронға өсті», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта даниялық отбасылардың жылдық орташа табысы шамамен екі млн кронды құрайды – шамамен 327 мың доллар. Сарапшылардың пікірінше, келесі тоқсанда ел тұрғындарының қаржылық жағдайы жаңа рекордты жаңартуы мүмкін.

Хабар 24

0

Пікір қалдыру