Kyzylorda-news.kz. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны бойынша алдын ала қорытындыны жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, 22.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 63,3 проценті дауыс берді. 

Өңірлер арасында: 

  • Ақмола облысы – 72,8 %,
  • Ақтөбе облысы – 58,8%,
  • Алматы облысы – 73,5%,
  • Атырау облысы –  56,4%,
  • Батыс Қазақстан облысы – 62,4 %,
  • Жамбыл облысы – 72,2%,
  • Қарағанды облысы – 70,7%,
  • Қостанай облысы –  71,8%,
  • Қызылорда облысы – 73,9%,
  • Маңғыстау облысы – 55%,
  • Павлодар облысы – 71,3 %,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 75,5%,
  • Түркістан облысы – 65,8 %,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 72,4%,
  • Алматы қаласы – 30,3%,
  • Шымкент қаласы – 56,5 %,
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 45,1%.

Сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті.

Республика бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Уақыт белдеулеріндегі айырмашылықтарға байланысты тек бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) учаскелер астана уақытымен сағат 21.00-де жабылды.

Тағы да оқыңыз: