Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күн болады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, 3-тоқсанда 1 сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болды. Ол 8-14 ақпан аралығында 7 күнге созылды.

Айта кетейік, оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 проценті дәстүрлі форматта, 30 проценті қашықтан) форматына көшірілді. Сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес 1 наурыздан бастап мектептерде білім беру аралас форматқа көшірілді. Оған сәйкес, 1-5 сынып оқушылары түгел мектептен оқи бастады.

Тағы да оқыңыз: