Kyzylorda-news.kz. Оқу жылы басталғаннан бері оқушылар арасында коронавирустың 250 жағдайы тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде айтты.

«Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 105 жағдай тіркелді, 1426 қарым-қатынаста болған адам бар. Олардың ішінде 19 оң жағдай анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді. Байланыста болған 348 адам бар. Олардың арасында 22 оң жағдай анықталды», – деді Ажар Ғиният.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: