Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылым мүшелері және этномәдени бірлестіктің өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру бойынша кездесу өткізді.

Кездесу модераторы Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов Президент Жолдауында елдің әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналған бірқатар игі бастамаларын атап өтті. Сонымен қатар, Жолдауда айтылған міндеттер тәуелсіз еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктерінің жиынтығына негізделгенін айтты.

«Өңірлік татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина Жолдауда берілген негізгі қағидаттарды жүзеге асыру үшін өз ұсыныстарын жеткізді.

«Бірлігі бекем ел озады» деп бекер айтпаған. Баршаңызды Президентімізді қолдап, еліміздің игілігі жолындағы жауапты жұмысты бірге атқаруға шақырамын», – деді Галия Гизатуллина.

Ал, Қырғыз этномәдени бірлестігінің жетекшісі Сақтапберген Жұбатқанов Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерді жіпке тізіп, халқына қауіпсіздік пен жарқын болашағы бар өмір сыйлаған, демократиялық дамудың мығым іргетасын қалаған еліміздің даму қарқынын күшейтуге бірлесе атсалысу керегін атады.

Ол үшін Жолдауда жаңашылдыққа бастайтын жоспар мен жоба жеткілікті. Президент білім-ғылымды дамыту, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, еңбек өнімділігін арттыру, салаларға серпін беру жайын жан-жақты қозғағандығын шешен эмб жетекшісінің орынбасары Лайла Пашаева айтып өтті.

Келелі кездесу соңы пікір алмасуға ұласты.

Тағы да оқыңыз: