**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **Облыс бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығында» тәрбиеші офицерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Қызылорда гарнизонының тәрбиеші офицерлері мен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.** Шарада тәрбие, идеология­лық және әскери-патриоттық жұ­мыстар басқармасының бас­тығы, қорғаныс істері жөнінде­гі департаменті бастығының орынбасары А.Жакипов Қы­зылорда гарнизонының тәр­биеші офицерлерін кәсіби ме­рекемен құттықтап, ҚР Қор­ғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаевтың құт­тықтауын жеткізді. Сонымен қатар, тәрбие жұмыстары ор­ган­дарын құру тарихы туралы арнайы бейнеролик көр­сетіліп, Қызылорда гарнизоны бастығының тәрбие, идео­ло­гиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Т.Бәйгебаев тәр­биеші гарнизон бастығы атынан облыстық қорғаныс істері жөніндегі де­партаментінің бірқатар тәр­биеші офицерлерін марапаттады. Жиын соңында концерт тамашаланып, қонақтар «Жас­тар ресурстық орталығының» тыныс-тіршілігімен танысты.