Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жазғы чемпионаттың жеңімпаздарын марапаттау сәті мен аталған чемпионаттың жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковниік Руслан Қайрақбаев сайыс барысында жоғары кәсіби-спорттық шеберлік көрсеткен қатысушыларды марапаттап, дипломдар мен естелік сый-сияпатты табыстады.

Ерлер арасындағы чемпионаттың нәтижесінде ұпай санымен І жалпыкомандалық орынды Атырау облысының командасы жеңіп алды. ІІ орынды Маңғыстау облысының командасы, ІІІ орынды Нұр-Сұлтан қаласының командасы қанжығаларына байлады.

Ал, әйелдер арасындағы І жалпыкомандалық орынды Түркістан облысының командасы иеленді. Нұр-Сұлтан қаласының әйелдер командасы ІІ орын алды. Алматы қаласының әйелдер командасы ІІІ орынға лайықты болды. Жалпыкомандалық жарыстың жеңімпаздарына кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ чемпионаттың жеңімпаздары қазан айында Өзбекстан Республикасында өтетін халықаралық чемпионатқа қатысатын болады.

Айта кетейік, чемпионатқа республикадағы барлық өңірлер мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық Қорғау академиясынан 18 үздік ерлер командасы, 13 әйелдер командасы қатысты. Жалпы турнирге 400-ден астам құтқарушы бақ сынады.

Тағы да оқыңыз: