Өндірісі өркендеген қызылордалық кәсіпкер – Kyzylorda News
Басты бет

Өндірісі өркендеген қызылордалық кәсіпкер

11.11.2021, 18:20

397 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық жас кәсіпкер Дәулет Ізбасарұлы сабын шығару ісін қолып, жеке кәсібін дөңгелетуде. Биыл ол «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грантқа қатысып, 4,5 млн теңге қаржыға ие болған. Гранттық қаржыға цехты кеңейту және «Ұнтақ өндірісі» жобасын жүзеге асырмақ. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Дәулет Ізбасарұлы жеке өндірісі туралы айтты.

Әділет цехында тұрмыста пайдаланылатын кір сабын шығарылады. Онда тәулігіне 1500 дана сабын өндіріледі.

«Біздегі басты мақсат – өнім сапасына мән беру. Ел игілігіне қызмет ету. Қарамағымда 20 жұмысшы бар. Алғашқы кәсіпті сабын шығарудан бастадым. Бүгінде отандық өнімге халық арасында сұраныс жоғары. Мемлекеттік грант есебінен және «Қызылорда» инвестициялық орталығы арқылы жеңілдетілген несие алып, кір жуғыш ұнтақ өндірісін ұлғайтып келеміз. Мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерлерге қолдау көп екенін айтқым келеді», – деді «Әділет» жеке кәсіпкерлігінің иесі Дәулет Ізбасаров.

0

Пікір қалдыру