Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Байқоңыр қаласын дамыту күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізді.

Бүгінде Қызылорда облысында Үкіметпен бірлесіп Байқоңыр қаласын, сондай-ақ, оған іргелес жатқан Төретам және Ақай елді мекендерін дамытуға республикалық бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Мәселен, биыл Байқоңыр қаласында тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған 50 пәтерлік 5 үйдің құрылысын аяқтадық. Бұл екіжақты қарым-қатынас аясындағы үлкен жетістік, себебі, өздеріңіз білетіндей, қала негізінен Ресей Федерациясының юрисдикциясында қызмет етуде», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Оған қоса тағы 5 көппәтерлік тұрғын үйлердің құрылысын салу жөнінде шешім қабылданған.

Сонымен қатар, қайта жаңғыртуға жататын қаланың су құбыры және кәріздік жүйелері жалға беруден шығарылып, 7 жылғы мерзімге Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілді.

Тағы да оқыңыз: