Kyzylorda-news.kz.  Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзіне ескерткіш қою туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді.

Соңғы күндері халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы Түркістанда Елбасыға ескерткіш орнату туралы идеясымен бөліскен болатын.

“Елбасы осы және бұған дейін де болған бірқатар идеяны қолдаған жоқ. Оған ескерткіш орнату, архитектуралық нысандардың атын өзгертумен байланысты мұндай “сыйлықтар” ұнамайды. Әсіресе, оны шенеуніктер ұйымдастырып жатса”, – деді тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Үкібай кейбір адамдар ақпарат кеңістігінде әдейі шу шығаруды көздейтін секілді деп кейіді.

“Ол жаңа жобаларға өз есімін беруге келіскен жалғыз ілікті жағдай университет пен зияткерлік мектептерге қатысты”, – деп мәлімдеді Елбасының баспасөз хатшысы.

Тағы да оқыңыз: