Нұрлыбек Нәлібаев: Сыр жұртшылығы үшін әлем Әбдіжәмілінің болмысы биік, мәртебесі қашанда жоғары – Kyzylorda News
Басты бет

Нұрлыбек Нәлібаев: Сыр жұртшылығы үшін әлем Әбдіжәмілінің болмысы биік, мәртебесі қашанда жоғары

23.06.2022, 9:13

349 0

Kyzylorda-news.kz.  Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жасаған жұмыс сапарын Әбдіжәміл Нұрпейісовтың әдебиет үйінен бастады. Музейдегі жәдігерлермен танысты.

Аймақ басшысы классик жазушының қазақ әдебиетіндегі орнын тілге тиек етіп, арнайы естелік кітапшаға игі тілегін жазды.

«Қазақ әдебиетінің абызы, классик жазушы Ә.Нұрпейісовтың қолтаңбасы қалған құнды мұралары мұнда сол күйі сақтаулы тұр. Бұл қара шаңырақ қалам ұстаған қауымға киелі әрі бағалы. Сыр жұртшылығы үшін әлем Әбдіжәмілінің болмысы биік, мәртебесі қашанда жоғары» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, Ә.Нұрпейісовтың әдебиет үйі 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Музейдің экспозициялық залында жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысуға болады. Ал жұмыс кабинетінде фото экспонаттар мен кітаптары қойылса, жазушының демалыс бөлмесінде өзінің тұтынған заттарын тамашалауға болады.

Биыл Аралдағы тарихи-өлкетану музейінің құрылысын бастауға тиісті жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы қарастырылды.
Балықшылар аллеясы да қайта жаңғыртудан өтпек.