Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына іссапармен барды.

Сапар барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Aral Quarts кварц құмын байыту тау-кен комбинатына ат басын бұрды.

Жылына 120 мың тонна кварц құмын өндіретін кәсіпорын алғашқы кезеңде 40 маманды жұмыспен қамтыса, ІІ кезеңде 172 мың тонна құрғақ құрылыс ұнтағын шығаруға ден қойып, 88 маман еңбекке тартылды. Өндіріс орны ішкі нарықты 80 пайыз өніммен қамтиды.

Нұрлыбек Нәлібаев шыны зауытына қажетті өнімді осы өндіріс қамтамасыз етуі керек екендігін алға тартып, комбинат жұмысын бағдарлады.

Кәсіпорын айыны 5500-6000 тонна өнім өндіругк қауқарлы. Қазіргі таңда 3.5 мың тонна өнім дайындалған.

Сапар барысында аймақ басшысы Аралдың Қамыстыбас ауылдық округінде құтқару бөлімшесінің модульдік станциясының жұмысын көрді.

Тоғыз бөлмеден тұратын бөлімшеде медициналық пункт, кезекші диспечерлік және компрессорлық бөлме қамтылған. Аумағы 250 шаршы метрді құрайтын орталық төтенше жағдай кезінде тұрғындарға оперативті көмекті жылдам үйлестіруге мүмкіндік береді.

Арал ауданындағы сапары соңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан әкіміне Президент Жолдауынан туындаған міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: