Kyzylorda-news.kz. Елорданың сол жағалауындағы Нұржол желекжолында орналасқан субұрқақта Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайберген әндерінің әуені ойналады, деп хабарлайды Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов «Facebook» парақшасында.

«Таяу уақытта бәріміздің сүйікті субұрқағымызда жаңаша әуен ойнайтын болады. 15 маусымға дейін Нұржол желекжолындағы музыкалық субұрқақ жұмыс істемейді. Су астындағы прожекторлардың шамамен 300 шамын ауыстыру жұмыстарын жүргіземіз. Ескі үлгідегі шамдарды жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстырамыз», – деп жазады аудан әкімі.

Берік Жәкенов субұрқақта Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайбергеннің әндерінің әуені ойналатынын айтты.  

«Уәде бергенімдей, аталған субұрқақтың музыкалық репертуарын сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша өзгертеміз. Бұл істің өзіндік ерекшеліктері бар. Процесс барынша күрделі, мамандар барлығы біркелкі жұмыс істеуі үшін хореографияны қолмен бағдарламалап шығады. Жақында «Көзімнің қарасы«, «Дудар-ай« және Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайбергеннің әндері мен классикалық композицияларын естиміз», – деді Берік Жәкенов.

Тағы да оқыңыз: