Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Гүлнара Есқалиева тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Халық қалаулысының қабылдауында болған тұрғындар жұмыссыздық, тұрғын үй мәселелерін сөз етті.

Қабылдауға Шиелі ауданынан келген Талғат Абдурахманов есімді азамат денсаулығына байланысты қолайлы жұмыс табылса , сонымен қатар мектепте мұғалім болып жұмыс жасап жатқан әйелін Шиелі ауданына Махамбетов ауылындағы мектепке ауыстыруға көмек сұрады. Тұрғынның өтініші бойынша халық қалаулысы тиісті орындармен байланысып, мәселенің оңтайлы шешілуіне жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Ал, ұзақ жылдар мектеп қабырғасында еңбек етіп, бүгінде зейнетке шыққан Альфия Бектурганова баласы және 5 немересімен бірге ақылы пәтерде тұрып жатқандығын алға тартып, тұрғын үй кезегі бойынша пәтер берілуіне ықпал етуді сұрады. Халық қалаулысы зейнеткердің өтінішін қабылдап, тұрғын мәселесі бойынша пәтер алудың заңнамалық жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымы тарапынан басқа да көмектер көрсетілетінін жеткізді.

Қоғамдық қабылдауға келген басқа да тұрғындардың өтініштері бойынша көтерілген мәселелер зерттеліп, зерделеніп алдағы уақытта нәтижесі бойынша қосымша хабарланатын болды.

Тағы да оқыңыз: