Kyzylorda-news.kz. Қызылордада “Nur Otan”партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті. Онда күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланды. Жиында Қызылорда облыстық мәслихатына рейтингі ең жоғары праймеризге қатысушылар қатарынан 53 кандидаттан тұратын партиялық тізім қалыптастырылды.Яғни әйелдер саны 3 есеге артты. Ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 15 пайызға өсті. Сондай-ақ, депутаттардың 12-сі ғана жаңа тізімге енгізілді.

Партиялық тізімдегі кандидаттар Мәжіліске іріктеуден өтті. Онда аймақтың өкілетті квотасына сәйкес “Праймериз” ақпараттық жүйесі арқылы 3 үміткер іріктелді. Дауыс саны бойынша жоғарғы ұпайға ие болған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева, “Байқоңыр” ӘКК АҚ тәуелсіз директоры Ғалым Әміреев, “Қазпошта” АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаева. Олар Мәжілістің партиялық тізіміне енгізу үшін ұсынылды.

Тағы да оқыңыз: