Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының орынбасары Абзал Рысбекұлы қала тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді.

Қызылорда қаласындағы коммуналдық салаға жауапты мамандардың жедел әрекетінің және түрлі бағыттағы кездесулердің сеп болуымен тұрғындар өздеріне тиесілі проблеманың шешім табуына мүмкіндік алды.

Онлайн кездесу барысында Қызылорда қаласының тұрғындары әртүрлі мәселелерді ортаға салды. Талқыға түскен проблемалар көп болды. Атап айтар болсақ, мәселелер қоғамдық көліктің сапалы қызмет көрсетуі, жол жөндеу жұмыстары, балалар және спорт алаңдары, қала тазалығы және кәріз су мәселелері төңірегінде болды.

Тікелей байланыс арқылы көтерілген сауалдарға маман тарапынан жауап беріліп, бірқатары өз шешімін тапты.

Тағы да оқыңыз: