Наурызда 2006 жылғы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Наурызда 2006 жылғы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады

10.02.2021, 12:20

240 0

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық банк филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

«2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады», – делінген хабарламада.

0

Пікір қалдыру