Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде “үкімет қаулысының” суретін таратып жатыр, онда 2020 жылы мереке күндерінің саны өзгеретіні айтылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Құжатта” демалыс күндері деп мына күндер белгіленген 2020 жылдың 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 наурызы.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова бұл ақпараттың жалғаны екенін мәлімдеді. 

“2019 жылғы 1 қарашадағы Үкімет қаулысына сәйкес демалыс күндері 2020 жылдың 5 қаңтарынан 2020 жылдың 3 қаңтарына, 2020 жылдың 11 мамыры 2020 жылдың 8 мамырына, 2020 жылдың 20 желтоқсаны 2020 жылдың 18 желтоқсанына ауыстырылды. Әлеуметтік желілерде таралып жатқан Үкіметтің 2020 жылы мерекелік күндерді көбейту туралы қаулысы – фейк”, – деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі.

Халықаралық әйелдер күні қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады – 7, 8 және 9 наурыз, ал Наурыз мейрамында бес күн демалады – 21-25 наурыз аралығында. 26-сы жұмыс күні болады.

Тағы да оқыңыз: