Kyzylorda-news.kz. Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

24 маусым түнде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен және солтүстік- батыстан жел соғады. Жел екпіні – 15-20 м/с. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусым күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұршақ жауады . Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел қарқыны – 15-20, екпіні – 25 м/с жетеді.
Өскемен және Семей қалаларында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

24 маусым түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 24 маусым күндіз Маңғыстау облысында 39 градус аптап ыстық сақталады.

Тағы да оқыңыз: