Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Нәжмәдин Шамұратов брифинг өткізді.

Брифингте Бақытжан Мақсұтұлы 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттар беріп, департаменттің инспекциямен бірлесе атқарылған жұмыстары туралы хабарлама жасады.

Өз кезегінде, Нәжмәдин Шәкизадаұлы 2020 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 1532 мемлекеттік қызмет көрсеткенін баяндап және көліктік бақылау инспекциямен анықталған құқықбұзушылықтары бойынша тоқталып өтті. Атап айтқанда Автомобиль көлігін бақылау бөлімі 1610 құқық бұзушылық анықтап, 51 500 000 тг айыппұл салған. Сонымен қатар теміржол көлігін бақылау бөлімі 97 құқық бұзушылық анықтап, 2 500 000 тг айыппұл салды. Сондай-ақ су көлігін бақылау бөлімі 52 құқық бұзушылық анықтап, 360 505 тг айыппұл салған. Бұған қоса, инспекция басшысы ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстары бойынша баяндама жасады.

Тағы да оқыңыз: