Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев кент аумағында орналасқан жалпы жер көлемі 4 гектар құрайтын ескі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын полигонға барды.

Аудан басшысы ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының қоршалмағанын, санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтінін және қалдықтардың сұрыптау кешенімен жабдықталмағанын көрді.

«Полигон аумағының арнайы қоршалуы, ескі полигон ауданының 4 гектар жерін көму, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі қажет. Осы жұмыстар толық атқарылған жағдайда ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін кері әсерлері толық жойылады. Полигон аумағындағы жинақталған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинастыру және аймақты толығымен залалсыздандырып, қалыпты жағдайға келтіру қажет», – деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.

Осы орайда кент әкімі Е.Бақтияров кент тұрғындарына экологиялық зиян келтірмеу үшін тиісті жұмыстарды жауапты мамандармен бірлесіп атқаратындығын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: