Мұрат Бақтиярұлы қызылордалық депутаттармен кездесті – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Мұрат Бақтиярұлы қызылордалық депутаттармен кездесті

06.01.2021, 17:20

316 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық мәслихатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлымен кездесу өтті.

Кездесуге облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттарының өкілдері және облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Мұрат Бақтиярұлы Сенатта өзі төрағалық ететін комитет отырысында білім, денсаулық сақтау, қоғамдық кеңестер, мәдениет және спорт саласына қатысты заң жобалары егжей-тегжейлі қаралып, талқылаудан өткендігін жеткізді. Әрбір талқылаудан өткен заң жобаларының заман талабына сай, түйткілді мәселелерді назарға ала отырып, қабылданғандығын айтты.

Сондай-ақ, көптеген жылдар бойы ел сенімін ақтап, қоғам үшін адал еңбек етіп, жергілікті өкілді органның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар депутаттарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапаттады.

Сонымен бірге облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлына және мәслихат аппаратының бір топ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 25 жыл» толуына орай мерекелік медалін табыстады.

0

Пікір қалдыру