Kyzylorda-news.kz.Себебі оларды қашықтан оқыту өте қиын. Оның үстіне ауылдық жердегі мектептерде ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан Білім министрлігі елдегі жағдайды саралай отырып, жаңа оқуы жылына дайындықты бірнеше бағыт бойынша ұйымдастыру керек. Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы осында пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

“Бастауышта фундаменті қаламаса, ол уақыттарын жоғалтып алады. Бұл уақытта берілген сабақ мектептегідей болмайды. Сондықтан бұл бағытта министрлік екі-үш вариант алдын ала дайындалу керке. Індет басылған жағдайда қандай вариант, інедет басылмаған жағдайда қандай вариант, індет бір қалыпты тұрған жағдайда қандай вариант. Өкінішке қарай көптеген өңірде, оның ішінде менің өзім депутат болып сайланған Қызылорда өңірлерінде көптеген ауылдық жерде интернет желісінің мүкіндіктері келмейді. Өйткені ол желілер кешегі 2000 жылдары, 90 жылдары салынған ескі желілер. Мектептегі компьютерлер ескі. Көптеген ата ананың компьютермен оқытуға мүмкіндігі жоқ. Алғашқы шыққан компьютерлер тұрған мектептер бар. Сондықтан интернетпен жан-жақты оқытамыз деген меніңше өз дәрежесінде болмайды. Біз адами капиталды қалыптастыруда бұл жағдайда ұтылып қаламыз”,- дейді депутат.

Тағы да оқыңыз: