Kyzylorda-news.kz. Орман-тоғайлар – жануарлар мекені ғана емес, адамдардың табиғатқа шығып демалатын саялы орны болып табылады. Осы жерұйық мекенді тоздыратын, аздыратын бірден-бір жау – өрт апаты.

От жалыны қыруар байлықты жалмап қана қоймайды, сонымен бірге мемлекетімізге де орасан зор шығын әкеледі. Өкінішке орай орын алатын тілсіз жаудың 80 пайызы адамдардың қатысуымен болады. Табиғат аясына қыдырып барады да от жағады, оны сөндірмей кетеді.

Сондай-ақ, шылымқорлар темекі тұқылын өшірмей тастай салады. Оның соңы алапат өртке айналып, Табиғат-Анаға өлшеусіз зиян әкеледі.

Жыл басынан бері Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіндеөрт болдырмаудың және өрт қаупі бар кезеңдерде өртке қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу жайлы іс-шара жасалып, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, ішкі істер, өрттен қорғау, Төтенше жағдайлар бөлімдерімен келісіліп, қала әкімшілігінде бекітілді.

Ауылдық округтерде өрт қаупі ережелерін сақтау жайлы ескерту хаттар дер кезінде таратылуына байланысты көптеген жану жағдайларын орман-тоғайларда болдырмай алдын алуға мүмкіндік туды.

Дегенмен, бір ғана мекеме өртке қарсы қызметті толыққанды атқара алмасы тағы белгілі. Мекеме тарапынан барлық ауылдық округ әкімдерімен, ЖШС төрағаларымен өртке қарсы іс-шаралар жасалып, жұмыс кестесі бойынша біріккен жұмыстар қолға алынды.

Айналамыздың экологиялық дағдарысқа ұшырауына байланысты егеменді еліміздің табиғи байлығы, Орман қорына шаруашылық көзбен қарап, болашақ ұрпақтарымыздың мүдделері үшін оны ұлғайта беру – әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Осы ретте, Қазақстан Республикасында барлық ормандар қорғауға және сақталуға жататынын ескерген жөн.

Алайда, табиғат байлығына немқұрайлы қарайтын жеке азаматтар мен шаруашылық субъекілері тарапынан келтірілген зиян көп және жылдан-жылға азаймай келеді.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік орман қоры жерлері 6509,7 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, орманды алқаптар – 3103,2 мың гектар. Осы орманды алқаптардың 54,7 мың гектарында өрт қауіптілігі аса жоғары болып саналады.

Ормандарды қорғаудың негізгі міндетерінің бірі болып:

1. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 06.12. 2018 жылғы № 17-5– 6/326 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынған.

2. Орман өрттерінің алдын алу, оларды дер кезінде анықтау және оны сөндіру жөніндегі шараларды жүргізу;

3.Орманда жұмыс істейтін барлық адамдардың және орманға жақын орналасқан кәсіпорындардың, шаруа қожалықтар мен мекемелердің, сондай-ақ, орманда жүрген азаматтардың Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін орындалуын бақылау болып табылады.

Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Сіздің ауылдық округ көлемінде, мемлекеттік орман қоры аумағында орман өртін болдырмау және өрт қаупі бар кезеңдерде өртке қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу жайлы іс-шара жоспарында, Қазақстан Республикасы Орман кодекісінің 63-бабына және Қазақстан Республикасы Өрт туралы Заңына сәйкес:

1. Көктемгі жане күзгі дала жұмыстары кезінде, өрт қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуын қадағалауды,

2. Жергілікті жердегі орманшы инспекторлармен бірлесіп, өртке қарсы шаралардың орындалуын бақылау жасауды;

3. Шаруашылықтар мен ұйымдарды, жекелеген азаматтарды орман өрті болған жағдайда оны сөндіруді ұйымдастыруды, оған қажетті техникалар мен құралдардың қатысуын қамтамасыз етуіңізді сұрайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына, яғни, ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу бойынша мынандай жауапкершілік қарастырылған:

1. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу жеке тұлғаларға – 10, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 50, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 150 айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;

2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе жеке тұлғаларға – 25, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 45, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 70, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 250 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

 3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер жеке тұлғаларға – 100, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 250, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 400, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 1500 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Олай болса, орман қорын сақтау – ортақ іс болуы тиіс.

Мұхтар ҚАППАР,

Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері

Тағы да оқыңыз: