Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды – Kyzylorda News
Басты бет

Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды

06.12.2021, 17:00

1842 0

Kyzylorda-news.kz.  Ниязов Мұхтар Мауленұлы Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы қызметіне тағайындалды.

Ниязов Мұхтар Мауленұлы 1985 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.
2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 2013 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Л.Н. Гумилев атынданы Еуразия Ұлттық Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2009 жылы мәдениет саласында бастап, 2009-2011 жылдары «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2012-2015 жылдары А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің үйірме жетекшісі, 2016-2020 жылдар аралығында «Асыл арна» телеарнасында редактор, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында жауапты қызметтерді атқарған. Осы уақытқа дейін 2020 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметінде болды.

0

Пікір қалдыру