Kyzylorda-news.kz. Кәсіподақтар үйінде «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Қызылорда облысы филиалы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі он алты жасқа дейінгі балалары үшін тосын сый жасады.

Іс-шара барысында қонақ болып шақырылған Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазылов, Қызылорда аймақтық кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары М.Бәйімбетов балаларға жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады.

Облыстық филиал төрағасы А.Аблайханұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының Жарлығымен жарияланған «Балалар жылы» аясында ерекше балалар мен олардың ата-аналары үшін арнайы шара ұйымдастырып отырғанын жеткізді.

Жиырма мыңдай кәсіподақ мүшесін біріктіретін салалық кәсіподақ бірлестігі бастауыш ұйымдардың келісімімен қала мен өңір аудандарында медицина саласында еңбек ете жүріп, мүгедек ерекше бала бағатын 20 ата-ананың әрқайсысына материалдық көмек ретінде 100 мың теңгенің сертификаты мен ойыншықтар берілді.

Тағы да оқыңыз: