Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен қала әкімдігіне қарасты жауапты бөлім мамандарынан құрылған мобильдік топтар Қызылорда қаласындағы «Астана», «Астана-2» шағын аудандары мен П.Есімов, Т.Әубәкіров көшелерінде орналасқан дәріханалардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі, дәрі-дәрмек бағасының қолжетімділігі және кәсіпкерлік нысандардың санитарлық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында дәріханалардағы кейбір дәрі-дәрмектердің (парацетамол, аспирин және т.б.) әлі де тапшылығы байқалуда.

Алайда, дәріханалар тарапынан сатылымда жоқ дәрі-дәрмектердің орнына балама дәрілер ұсынылып жатқаны және де қажетті дәрі-дәрмектерге сұраныс берілгені анықталды.
Мониторинг қорытындысы бойынша мобильдік топ тарапынан дәріханалар меңгерушілері мен кәсіпкерлік нысандар иелеріне тиісті ескертулер мен ұсыныстар берілді.

Мониторинг барысында берілген ескертулер мен ұсыныстардың орындалуы мобильдік топтардың бақылауына алынған.

Партиялық мониторинг жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: