Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой азаматтардың көп жағдайда жеке және діни себептермен, сонымен қатар вакцинаға сенбейтіндіктен вакцинациялаудан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Алексей Цой келтірген деректерге сәйкес, 2013 жылдан бері елімізде вакцинациялаудан 24 976 азамат бас тартқан. 

«Олардың 58% жеке пікірлеріне байланысты, 23,2% діни себептермен, 12,8% вакцинаға сенбейтіндіктен, қалған 6% БАҚ-тағы теріс ақпараттар нәтижесінде бас тартқан», – деді Алексей Цой Парламент отырысында. 

2021 жылдың бірінші жарты жылдығынан бастап 3 417 адам вакцинадан бас тартқан. Олардың 197 түсіндірме жұмыстарынан кейін вакцина салдырған.

Ведомствоаралық комиссия мәліметі бойынша, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 859 131 адам, екінші компонентін 6 901 313 адам алған.

Тағы да оқыңыз: