Kyzylorda-news.kz. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте журналистер министрге «егер елімізде тағы девальвация болса, Қазақстан экономикасы оған төтеп бере ала ма?» деген сауал жолдады.

«Біз еркін айналымдағы ақша бағамы туралы айтып тұрмыз. Бұған қатысты Канада, Норвегия, Ресейде өзгерістер болды. Барлық ел өз ақша бағамын ретке келтіріп жатыр. Мұны нарық реттейді. Бұл өзгерістерден Қазақстан да тыс қалған жоқ. Ақша бағама нарыққа әсерін тигізді», – деді ол.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері Руслан Дәленовтан «қазақстандықтар келесі девальвацияға дайын болсын ба?» деп сұрақ қойды.

«Техникалық жағынан себеп болса, онда девальвация болады. Елімізде ондай себеп жоқ. Ақша еркін айналымда. Сондықтан себептің болмауына байланысты ондай өзгеріске негіз жоқ»,  – деді министр.

Айта кетейік, 9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Қазақстанда доллар бағасы күрт қымбаттады. Кеше ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 382.05 теңге болды. Бірақ ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылды.

Тағы да оқыңыз: