Kyzylorda-news.kz. Қазір қысқа толқынды пештің күнделікті қолданатын техникаға айналғаны белгілі. Оның зияны жайында ойланып жатқанымыз шамалы. Көбі пайдасын ғана біледі. Ендеше “микроволновканың” зияны бар ма екен, соған үңіліп көрейік.

American Journal of Epidemiology журналында жарияланған зерттеуде қысқа толқынды пешпен екі рет ысытылған шошқа етінен бактерия табылғаны айтылған. Нақтырақ айтсақ, сальмонелла бактериясы көбейіп кеткен.

Оқиға АҚШ-тың Джуно қаласында болған. Осы қаланың тұрғындары Сиэтл қаласындағы мейрамханадан екі торайдың етін сатып алып “көкке” шыққан Содан пикникке шығып тауыса алмаған еттің қалғанын үйге алып кеткен. Содан 46 адамның 21-і еттен ұшынып ауырған.  

Нақтырақ айтсақ, үйге алып кеткен торайдың етін екінші рет қысқа толқынды пешке қыздырып жегендердің бәрі ауырған. Ал жай пешке ысытып жегендердің бірде-бірі ауырмаған екен.

Шошқаның еті бір қаладан екінші қалаға ұшақпен 17 сағатта жеткізілген. Бірақ жолда тоңазытқышқа салмаған. Ал салқынға қойылмаған етте сальмонелла пайда болуы мүмкін екен. Мұны ғалымдардың өздері де растады. Ең қызығы сол – етті жай пешпен қыздырған кезде сальмонелла өледі де, қысқа толқынды пешпен қыздырғанда өлмейтін көрінеді.

Мәселе мынада: қысқа толқынды пеш бактерияны өлтіретін қуаты бар. Алайда ол тамақтың кейбір жері қыздырылмай қалатындықтан, бактерия өлмей қалады. Содан ауруға әкелуі мүмкін.

Ал Journal of Milk and Food Technology журналында жарияланған тағы бір зерттеуде ғалымдар үш сорпаның түрін алып, оған сальмонелла мен ішек таяқшасын салып тәжірибе жасаған екен.

Содан байқалғаны – бактерия сорпаның беткі және ортаңғы бөлігінде  болса, онда қысқа толқынды пешпен бірге қызып, өліп кетеді екен. Ал түбінде қалған бактерия өлмей қалатын көрінеді.

Сондықтан біраз тұрып қалған тамақты қысқа толқынды пешпен емес, жай қазанда қыздырған жөн.  

Massaget

Тағы да оқыңыз: