Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған ерекше мерекелік акция ұйымдастырылды.

«Мерекеңмен, қорғаушым!» тақырыбындағы тың шара облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен “Мағжан и К” серіктестігінің қолдауымен, “Жас сарбаз” жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті.

Шарада ел тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлері мен қаладағы 5547 әскери бөлімінің сарбаздары мен офицерлеріне, тосқауыл бекеттерінде қызмет атқарып жүрген 66597 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлерімен қатар ақ халаттыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Тағы да оқыңыз: