Kyzylorda-news.kz. «Менің шағын Отаным» республикалық зияткерлік байқауының қалалық кезеңі өтті.

Байқау туған елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтауға, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімін дамытуға, Отаны үшін мақтаныш сезімдерін дамытуға ықпал етеді.

Байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде Қазақстан тарихы бойынша тест өткізілсе, ІІ кезеңде оқушылар «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кіші Отан символы», «Менің кіші Отанымның болашағы» және «Менің туған өлкем» төрт номинациясы бойынша жобаларын қорғады.

Қазылар алқасының мүшелері тақырыптың толық ашылуы мен сапасына, қорытындылардың дәлдігіне, көркемдік шеберлікке, техникалық және орындау сапасына назар аударды.

Байқау нәтижесінде облысқа жолдамаға «Кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мадияр Әбдікәрімов, «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясымен С.Толыбеков атындағы №3 ІТ-мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Жаннұр Қонысбай, «Кішкентай Отанымның символы» номинациясымен Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Томирис Бекетова, «Менің туған өлкем» эссе жазу бойынша №39 Қызылөзек орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жібек Сағатова лайық деп танылды.

Тағы да оқыңыз: