Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор саласында бір көзден сатып алуларды барынша азайтып, бәскелестік ортаны жетілдіру тапсырмасы бар екені белгілі.

Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алу Заңына өзгерістер енгізіліп, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу нормалары 52-ден 48-ге азайтылған.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Заңның осы нормаларының орындалу барысы бүгін облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды.

Мәжіліске Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары, білім, денсаулық, құрылыс, энергетика және мемлекеттік сатып алу басқармаларының басшылары, бірқатар мектептердің директорлары мен тапсырыс беруші мекемелердің өкілдері қатысты.

Мемлекеттік сатып алулардың бір қатар өзекті мәселелері талқыланған мәжілісте бірінші басшыларға орын алған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою, оларды алдағы уақытта болдырмау туралы нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, уәкілетті органдармен бірлесіп қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларды семинар-кеңестерде талқылау ұсынылды.

Тағы да оқыңыз: