Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясы өршіп бара жатқан өңірлерді атады.

«Осы жылдың 1 сәуірінде шыққан менің қаулыма сәйкес мемлекеттік шекара арқылы өтетін автоөткелдер мен теміржол өткелдерінде міндетті санитарлық карантиндік бақылау енгізілген. Қаулыға сәйкес міндетті түрде тексеру жүргізіліп, жүргізушілерден сауалнама мен тест алынуы тиіс. Тест теріс нәтижені көрсетсе де ол адам үй карантиніне жатқызылуы керек. Әлбетте тест оң нәтиже көрсетсе олар ауруханаға жатқызылады», – деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Айжан Есмағамбетова Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында сырқаттанушылықтың жоғары өсімі тіркелгендіктен аталған өңірлерге карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау арқылы қосымша шектеу шараларын енгізу қажеттігін атап өтті.

Тағы да оқыңыз: