Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жолдау жариялайтынын хабарлады. Бұл туралы ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен мен өзімнің екінші жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын», – деді Президент.

Үкімет пен әкімдерге пандемия кезінде қабылданған шараларды түсіндіруде олқылықтар жібергені үшін шүйлікті. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде бірқатар өрескел қателік жібергенін айтты.

«Індетке қарсы күрес карантин шаралары қатаң сақталған кезде ғана нәтижелі болады. Мұны шетелдің тәжірибесінен көріп отырмыз. Ал біздің елімізде қоғамдық тәртіп едәуір ақсап тұр. Полиция және санитарлық дәрігерлер карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек», – деді. Бұдан бөлек Үкімет пен әкімдерге тұрақты жұмыс орындарын көбейту міндеті жүктелді.

24.kz

Тағы да оқыңыз: