Kyzylorda-news.kz. Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» қайырымдылық шарасы өтті. «Мектепке жол» акциясы аясында ІТ паркпен бірлесе ұйымдастырылған шарада тұрғындар істен шыққан компьютерлерін орталыққа әкелген болатын.

 Нәтижесінде мамандар жүзден астам компьютердің ішіндегі қажетті бөлшектерді пайдалана отырып, жаңа 30 компьютерді жасақтап шығарды. Бүгін жаңа оқу жылына орай олар бірінші лекпен тұрмысы төмен, мұқтаж отбасыларға таратылды. Енді балалар карантин уақытында кедергісіз оқып, білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Республикада алғаш болып біздің өңірде қолға алынған бұл бастама алдағы уақытта жалғаспақ.

Бұған дейін де орталық «Мектепке жол» акциясына қаладағы қайырымды кәсіпкерлер қауымын тарта отырып, оқушыларға қажетті құрал-жабдықтарды тарту еткен болатын. Ата-аналар оған дән риза, Сәбина Алтынбекова барлық көмек алушылар атынан осындай тартуға өз алғысын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: