Мектеп медиациясы да маңызды – Kyzylorda News
Басты бет

Мектеп медиациясы да маңызды

16.01.2020, 11:40

652 0

Kyzylorda-news.kz. Мектеп-бұл бүкіл әлем, бірнеше жүз бала мен ондаған мұғалімдер жиналған социумның өзіндік үлгісі. Бұл әлем мектеп қабырғалары мен ауланың периметрімен  шектеледі.

Осы шекаралардың ішінде жиналған барлық адамдар мінез-құлқы, темпераменті, жасы, тәрбиесі, қоғамдық жағдайы жағынан әр түрлі. Олардың әрқайсысының өз дүниетанымы бар. Бұл адамдар бір-бірімен үнемі сөйлесіп, күніне 4-8 сағат бірге болады.  Кейбіреулер табысты өзара іс-қимыл жасайды, басқалары конфронтацияға түседі.

Мұндай жағдайда даусыз жүруге бола ма? Болмайды, сондықтан, мектеп қақтығыстары сөзсіз. Оларға мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары тартылады. Сондықтан ең бастысы-барлық тараптар үшін ең аз шығынмен жанжалдардан шығуды үйрену.

Көбінесе ең күрделі мәселелерді шешу үшін екі адамның өздігінен шеше алмайтын жағдайда, үшінші тарап шақырылады. Бұл сот тәжірибесінен алынған классикалық жағдай: әрбір қақтығысқа қатысушылардың кезегін тыңдап, судья өз шешімін шығарады, шешім әділ болғаныменен, тараптың бір жағы қанағаттанбайды.

Осы кезде үшінші тарап көмекке келеді, бейтарап тұлға-медиатор (лат. mediatio-делдалдық). 

Бірақ медиация-аралық сот емес. Медиация жүргізу алдында медиатор оған дайындық жүргізеді. Тараптарды тыңдап, даудың шығу себебін айқындау үшін, екі жақтың пікірін толық тыңдап қажетті мәлімет жинайды.     

Тараптардың әрқайсысынан даудың шығу себебін тыңдап, қандай сұрақтарды талқылау қажеттігін шешеді. Бұл ретте медиатор нақты тыңдау және қайталап сұрап, конструктивті мағынасын табу шараларын қолданады. 

Екіншіден медиатор екі жақтың талабын тыңдап, ол талаптың қайсысы болашақта тараптарды біріктіретінін жобалайды.  Бұл кезде медиатор нейтралитет сақтауы қажет. Үшінші қадам кезінде медиатор тараптарға даудың түрлі шешімдерін ұсынады. Ол шешімдер бірнеше және олар альтернативті болуы қажет.

 Сонымен медиатор екі жақты творчестволық ізденіске итермелейді. Қорытындыға келгенде екі жақ та шешімге өз еркімен келгеніне көзі жету керек. Төртінші қадамда медиация шешімі дайындалады. Тараптардың қатысуымен медиатор болашақ шешімнің талаптарын оқып береді және оның әр бабын талқылайды. Медиацияның бесінші қадамында медиация шешіміне екі жақ қол қояды. Медияциялық шешім олардың қайсысының да көңілінен шығу керек. Осы орайда медиаторға жүктелетін міндет өте ауыр десе болады. Медиатор шын мәнінде адамдармен тіл табыса алатын психолог әрі сабырлы, байыпты жан болуы тиіс.

Медиацияның мақсаты кінәлілерді іздеу емес, жағдайдан шығуды іздестіру болып табылады.

А.КАЙБАЛДИЕВА

Қызылорда облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе меңгерушісі

0

Пікір қалдыру