Kyzylorda-news.kz. Өңірде медиация жұмысын жетілдіру мақсатында 14 тараппен меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов мәлімдеді.

“Облыста медиация институтын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жасалып, медиаторлардың саны мен олардың сапалық деңгейі артуда. Достық үйінде және барлық аудан орталықтарында медиация кабинеттері ашылып, сәтті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда аймақта 615 қоғамдық медиатор бар. Сондай-ақ, облыстық ассамблеямен бірлесіп жұмыс атқаратын 42 қоғамдық медиатордың пулы жасақталды. Бұған қоса, қоғамдық медиаторлармен барлығы 268 дау шешілсе, оның 43 дауы сотқа дейін, 71-і сотта медиациялық келісіммен аяқталды. Ал қоғамдық медиаторлардың кеңес беруі нәтижесінде 154 дау шешімін тауып, тоқтатылды”,-деді Жағыпар Айтбайұлы.

Биыл медиация күніне орай өткізілетін іс-шаралардың басым бөлігі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өтеді. Яғни kyzylorda.assambleya инстаграм және фейсбук парақшасы және ” Сыр бірлігі” ютуб каналында медиация мәселелері бойынша азаматтарға дауды сотсыз шешудің тиімді тұстары жайлы кеңес беріледі.

Тағы да оқыңыз: