Kyzylorda-news.kz. Елбасының бүгінгі еліміздің барлық азаматтарын төзімділік танытуға, мемлекет қабылдап жатқан шараларды қолдау туралы Үндеуін мен де Сыр өңірінің бір азаматы ретінде құптаймын.

Себебі, осындай игі шараларды бірге атқарған жағдайда ғана біз қауіпті індеттің алдын алатындығымыз анық. Сын сағатта ел болып жұмылып, қатерлі індетте жеңуде ауызбірлігімізді көрсетуге дайынбыз!

Елбасы Үндеуінде «Әрбір азамат өзінің қолынан келетін үлесін қосуға тиіс. Мен бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынамын және осындай жағдайда бұрынғыша отандық ірі кәсіпорындар да қолдауын көрсетеді» деп үлкен сенім білдірілген.

Біз де Елбасының сеніміне селкеу түсірмеуге тырысамыз. Әрбір бастамаға күшті қолдау білдіре беретін болсақ, ұлы мұраттарға жетерімізге кәміл сенемін. Сондықтан, сырбойылық кәсіпкерлерді Үндеуді бірауыздан қолдауға шақырамын.

Марат Сәрсенбаев, «Абай-Дәулет» ЖШС директорының орынбасары

Тағы да оқыңыз: